Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есеге дейін қысқарды.
Облыс аумағында бұған дейін үш ауысымда бала оқытатын 52 мектеп бар еді. Биыл жаңа мектептер пайдалануға беріліп олардың саны 26-ға кеміді. Жаңа білім ошақтарының 8-і «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Талғар ауданындағы Төңкеріс ауылының балалары да 900 орындық «Келешек мектебінде» оқуға мүмкіндік алды. Жалпы еліміздің бұл өңіріндегі мектептер саны 500-ге жетіп қалды. Заман талабына сай салынған білім ошақтарының барлығы соңғы үлгідегі оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Онда робототехника, лингвистика кабинеттері мен түрлі зертханалар да жұмыс істейді.
Индира Қыдырбекова, ауыл тұрғыны:
- Міне бізде керемет осындай жайлы мектеп ашылып жатыр. Балаларымызды 1-сыныпқа әкелгенмін, өте қуаныштымыз. Осындай енді керемет мектепте балаларымыз өте білімді болып шығады деген ойдамыз.
Айдын Чалкенов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Қалған 7 мектепті желтоқсан айына дейін кезең-кезеңімен қолданысқа береміз. Бізде көбінесе Қарасай ауданы мен Талғар ауданында мектептер. Оның ішінде Еңбекшіқазақта, Іле ауданындарында бар мектептер. Енді "Келешек мектептерді" көріп жатырсыздар өздеріңіз, форматтары басқаша, ішіндегі бүкіл жабдықтары қазіргі біздің стандартқа сай жасалған бәрі.