Екінші АЭС құрылысы: Тоқаев қытайлық корпорацияның бас директорын қабылдады

Қосшы

Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнді Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтап, бұл мерейлі меже саладағы диалогты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті. Мемлекет басшысы төраға Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында атом индустриясындағы ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

Президент тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен бірлескен жобалар, соның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салатыны хабарланды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget