Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды

Қосшы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Бүгін «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.