Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері анықталды. Жалпы жарысқа өңірдің түпкір-түпкірінен 400-ден астам отбасы қатысқан. Соның ішінде бас жүлдені Бектеновтар отбасы иеленді. Марлан Бектенов 30-дан аса шабандоз тәрбиелеген бапкер. 7 бала тәрбилеп отырған отбасы Республикалық кезеңге жолдама алды.
Динара Бектенова, Ескелді ауданының тұрғыны:
Біздің байқауға қатысу себебіміз, бағымызды сынап көрейік дедік. Бізде үлгілі ұлағатты бетке ұстар отбасының бірі болған соң қатысып көрдік. Облысты жеңіп республикаға жолдама алдық.
Осындай марапатқа ие болғандардың бірі – Қаратал ауданынан Биболовтар әулеті. Олар – жалпы еңбек өтілі 75 жылдан асатын теміржолшылар. Адал кәсіпті бәрінен де биік қойған әулеттің еңбекқорлығы көпке үлгі.
Светлана Әбішева, Қаратал ауданының тұрғыны:
Теміржолда істеп жатқанымызға, теміржолшылар әулеті болып жатқанымызға барлығымыздыкін есептеп көрсем, 400 жыл болады екен. Әкем бауырларымыз бәріміз теміржолшылар әулетінен шыққанбыз. Теміржол бойында өстік. Рахмет осындай мерейтойлар болып жатқанына.
Дамир Нұрмұхамет