“Ұйықтап жатқан балалар мен мас кассир“: Ақтаудағы қоғамдық дәретхана жұртты ашуландырды

Қосшы

Ақтау тұрғындары 15-шағынауданның жағасында орналасқан қоғамдық дәретханаға шағымданды. Тұрғындардың сөзінше, дәретханада балалар ұйықтап жатқан, ал кассир мас болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының айтуынша, серуендеп жүріп қоғамдық дәретханаға кірген.

"Кассир мас күйдегі әйел болды, бізден дәретхана ақысын алды. Ал іште еденде балалар ұйықтап жатты. Көп ұзамай бұл жерге баласы бар ер адам мен әйел кірді, олар да мас еді. Олар бізбен ұрыса бастады, не болып жатқанын телефонға түсіруге тыйым салды", — деді Ақтау тұрғыны.

lada.kz

Әйелдің айтуынша, қоғамдық дәретханада балалар ұйықтап жатқан тағы бір бөлек бөлме болған.

lada.kz

Тұрғындар қала әкімшілігінен осы дәретханаға назар аударуды және жағдайды реттеуді сұрады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget