Бүгін бокстан 19 бен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты басталды.
Оған 25 елден бас аяғы 400-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады. Бұл World Boxing ұйымы аясында өтетін алғашқы сары құрлық бәсекесі. Тайландта бокстан жастар арасында азия чемпионатының жалауы желбіреді. Жарыста ел намысын 39 спортшымыз қорғайды. Яғни 19 жасқа дейінгілерден 20, 22 жасқа дейінгілер арасында 19 боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі. Басты мақсат жалпы есепте көш басына шығу.
Жанель Имантаева, бокстан жастар құрамасының мүшесі:
- Бүгін міне 1/8 де өзбек қызымен бокстасып, жеңіске жеттім. Бәсеке ауыр болды. Бірінші бой болғаннан кейін... Кеше ғана Тайладқа жеттік. Климатқа үйренбедік. Бірақ ұттық енді алда ¼ — те кореялық боксшымен кездесемін. Онда қазақ елінің үмітін ақтап, ұтамын деп сөз беремін.
Жанельден бөлек тағы 7 боксшымыз сынға түседі. Қыздардан Диана Серікбаева кореялық, Айым Таңқыбаева вьетнамдық және Аяжан Ермек жапониялық спортшылармен кездеседі. Ал жігіттерден Әділ Асқанбай кореялық, Бексұлтан Әшірбаев түркіменстандық, Тимур Тайбеков сингапурлық және Бексұлтан Қайратұлы өзбекстандық боксшылармен жұдырықтасады.
Бақыт Сәрсекбаев, Бокстан жастар құрамасының аға бапкері:
- Біз кеше ғана Бангкок қаласына келдік. Адаптацияға 2 күн болды. Балалардың бәрі жақсы. Сенімді. Команданың жеңіске деген ықыласы зор. Мен балаларға сенемін.
Осы орайда спорт сарапшылары боксшыларымыздың азия чемпионатында топ жаратынына сенімді.
Өзбекстан құрамасы басты қарсыласымыз деп ойлаймын. Одан бөлек жергілікті Тайланд құрамасы, Үндістан, Қытай, Жапонияның споршылары біраз бәсекелестік тудырады. Енді бұған дейінгі Азия чемпионатында бірнеше ел қатыспаған болатын. Ал дәл осы World Boxing-тің нағыз мықтылар анықталады. Барлық мықтылар қатысып жатыр.Бұйырса жолға шығамыз. Бұйырса жолға шығамыз. Іріктеу кезеңдерін осы жақтан бақылаймыз. Жартылай финал және финалдық айқастарды сол жерде көріп, барынша ақпараттық қолдау танытамыз.
Айта кетейік, бүгін бастау алған сары құрлық бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады.
Мерей Қанапия, Артур Горяшников 24кz.