Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралатынын тұспалдап айтты

Қосшы

UFC-де 7 жекпе-жегін өткізген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов аты аңызға айналған лигаға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұмағұлов X (бұрынғы Twitter) желісінде "Бұл дивизионға мен бұрынғыдан да қажетпін", — деп жазды.

Жұмағұлов осылайша UFC жариялаған статистикаға түсінік берді, ол жеңіл салмақ дивизионының тарихында минутына маңызды соққы жасау саны бойынша үшінші орында тұр. Бұл рейтингте ол тек америкалық файтер Джошуа Ванг пен бразилиялық Джон Линекерге ғана жол берген.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенінде 2020-2023 жыл аралығында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

2023 жылдың шілдесінде Жұмағұлов лигамен келісімшартының аяқталуына байланысты UFC тізімінен шығарылды. Бір жылдан кейін Жұмағұлов лигаға қайта оралғысы келетінін айтты.