Қазақстанның 8 өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қосшы

Қазақстанның 15 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысы:

"Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 75-187 шақырым аралығы (Үржар ауылынан ҚХР шекарасына дейін).

Ақмола облысы:

“Қостанай — Әулиекөл -Сұрған- автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған а.);

“Жақсы — Есіл — Бұзылық” автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы а. — Бұзылық а.);

"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 377-595 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін)

"Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы" автожолының 856-997 шақырым аралығындағы учаскесінде (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан — Атбасар қаласы)

" Көкшетау — Атбасар"- автожолының 120-184 шақырым аралығы (Атбасар қаласы-Максимовка ауылы);

"Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы" автожолының 997-1128 шақырым аралығы (Атбасар қаласы-Астраханка ауылы)

Алматы облысы:

"Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Тұздыбастау ауылы — Бесқайнар ауылы)

Шығыс Қазақстан облысы:

"Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушаново а.-Алтай қ.). Алайда 2025 жылғы 10 наурыз сағат 09:00-де Ушаново ауылы — Алтай қаласы аралығында көлік қозғалысы ашылады.

Жетісу облысы:

"Сарыөзек — Көктал" автожолының 40-68 шақырым аралығы (Алтын Емел асуы). Алайда мұнда 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:30-да тек жеңіл автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Қостанай облысы:

"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

“Қостанай — Әулиекөл -Сұрған- автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы-Ақмола облысының шекарасы);

"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейін)

Солтүстік Қазақстан облысы:

"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 595-671 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы — Тоқсан Би ауылы);

"Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы)

Ұлытау облысы:

"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 310 арнайы техника мен 421 маман жұмылдырылды.