Тоқаев Руанда президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қосшы

Мемлекет басшысы Руанда Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейн Президент Канаданың генерал-губернаторын құттықтады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget