Танымал психолог, бұрынғы журналист Мақпал Қаратай көп жылдан кейін алғаш рет сұхбат беріп, жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мақпал Қаратай танымал тележүргізуші, журналист Жанар Байсеміздің «Baisemiz_live» Youtube арнасына сұхбат берген.
«Ар-ұяттан мүлдем аттамадым деп айта алмаймын. Аттаған кездерім көп… Бір жаққа барсам, міндетті түрде біреумен танысамын. Қызым қызыл помаданы алып жүгіреді, «мама егер кездесуге барсаң, ерніңді қып-қызыл қылып бояп ал» дейді. Көйлек ки, неге шалбар киіп тұрсың дейді.
Құрбым қайтыс болды, көлік қағып кетті, құран бағыштап, жеті шелпек пісіремін деп айта алмаймын», — деп ағынан жарылды ол.