Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев баяндағандай, 2024 жылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысын арттыруға 93,8 млрд теңге бөлінді , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шара тәрбиешілердің мәртебесін көтеруге және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
1,7 млн-нан астам оқушыға тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылы мектептерде 1,7 млн-нан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылғанын хабарлады. Бұл шара мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ былтыр елімізде 89 мыңнан астам орындық 789 балабақша ашылды.