«Ең сұлу қалыңдық»: Ақбота-Нұр тағы да тұрмысқа шығатынын айтты (ФОТО)

Қосшы

Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтып, желідегі оқырманын қызықтырып қойды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде жаңа фотосын жариялаған.

"Адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", — делінген фото сипаттамасында.

Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөліскен.

Ақбота Сейітмағамбет

"Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", — деп жазып қойған онда әнші.

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып жатыр. Кейбірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қойған.

"Ең сұлу қалыңдық — 2025?", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Бақытты болыңыз", "Алла баянды бақ берсін, айналайын! Бағың ашылсын", — деп пікір қалдырған әншінің жанкүйерлері.