Павлодарда еріктілер туризм орталығының аумағын ретке келтірді

Қосшы

Павлодарда Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтёрлері «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында экологиялық акция өткізді.

Олар балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығына барып, гүлзарларды арам-шөптен тазартып, жан-жағын ретке келтірді. Аумағы үш жарым гектар болатын ботаника кешенінде еріктілерге жұмыс көп. Олардың айтуынша, мұндай қарапайым еңбек командалық рухты нығайтып, жасөспірімдерді табиғатты аялауға тәрбиелейді.

Анастасия Легович, волонтёрлік орталықтың инспекторы:

- Біз экология және туризм орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Әртүрлі экологиялық іс-шаралар, еріктілерге арналған экскурсиялар, экологиялық тақырыптағы балаларға арналған түрлі ойындар өткіземіз. Орталықтың айналасындағы жасыл желекті күтіп баптауға атсалысамыз.