Шымкенттің тропикасы: Қазақстанда банан өсіріп баюға болады

Қосшы

Шымкентте алғаш рет өндірістік көлемде тропикалық банан өсіру қолға алынды. Түркиямен бірлескен бұл ауқымды жоба – еліміздегі баламасы жоқ жылыжай кешені. Жобаның құны 4 миллион доллардан асып, жылдық қуаты 1 140 тоннаға жетеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан жылыжай 5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 7 мыңнан астам банан ағашы отырғызылған, әр ағаш 50-60 келіге дейін өнім береді. Бұл тропикалық жеміс Қазақстанда тұңғыш рет өндірістік көлемде өсіріліп отыр.

Шымкенттің тропикасы: Қазақстанда банан өсіріп баюға болады

жеке мұрағат

Негізі аталған нысан Қазақстан мен Түркияның бірлесе отырып ашқан кәсіпорны саналады. Жоба құны 4 млн доллардан асады. Осындай банан плантациялары Түркияның өңірлерінің бірі Аланьяда бар. Дәл сол жерде идея авторы Тимур Өтешев алғаш рет жылыжайда өсірілген жемістерді байқап көріп, оларды Қазақстанда өсіруге бел буады.

Жылыжайдың басқарушы директоры Ислам Әлиевтің айтуынша, бұл – Қазақстанда толығымен өсірілген алғашқы жылыжай банандары. Жылыжай құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылдың маусымында іске қосылып, алғашқын өнім алынған. Жылыжайға арналған жабдықтар Түркиядан әкелінген. Компания алғашқы жылы 385 тонна өнім жинаған.

Басқарушы директоры Ислам Әлиев:

Шымкенттің тропикасы: Қазақстанда банан өсіріп баюға болады

жеке мұрағат

Жылыжай кешенінде 5 гектар аумақта 7 мыңнан астам банан ағашы өсіп тұр. Әр ағаштан алынатын жеміс салмағы 40 келіден асады. Алғашқы өнімді біз алғашқы еккеннен кейін 9 айдан соң жинадық. Сол кезде 385 тоннадай өнім алдық. Негізі 500 тонна алуымыз керек еді, бірақ ауа райының салқындауы әсер етті. Қазір екінші өнім жиналып жатыр, көлемі 500 тоннадан асты. Алдағы кезеңдерде 600-650 тоннаға жетеміз деп жоспарлап отырмыз, – дейді.

Банандар 4-5 ай сайын пісіп, өнім жинауға мүмкіндік береді. Кәсіп иелері болашақта жылдық өнім көлемін мың тоннадан асыру көзделуде.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде бананға деген сұраныстың тек 1 пайызын ғана қамтып отыр. Қазақстан жыл сайын шамамен 100 мың тонна банан импорттайды. Тіпті Шымкенттің өз нарығын толық қамтамасыз ете алмай отырған көрінеді. Қазіргі іске қосылған 5 гектарлық жылыжай – сынақтық жоба. Алдағы уақытта өндірістік аумақты кеңейтіп, еліміздегі жалпы сұраныстың 20-25 пайызын қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтты.

Алғаш зерттеу жүргізген кезде, топырақтың бұл дақылға мүлде жарамсыз екені анықталған. Құрамында қажетті қоректік заттар жоқ еді. Сол себепті 5 гектар аумаққа 400 КамАЗ қарашірік (органикалық тыңайтқыш) төгіп, топырақ құрамын толықтырады.

Одан кейін оны Түркия зертханаларына сынама ретінде жіберіп, оң қорытынды алғаннан кейін көшет егуге кіріседі. Әуелде 11 мың түп көшет отырғызылыпты.

Шымкенттің тропикасы: Қазақстанда банан өсіріп баюға болады

жеке мұрағат

Жылыжай құрылысы 2022 жылы басталды. Ал 2023 жылдың маусым айында алғашқы өнім алынды. Жылыжайға арналған барлық құрал-жабдық Түркиядан әкелінді. Алғашқы жылы біз 385 тонна банан жинадық. Бүгінде бұл кешеннің өндірістік қуаты жылына 1 140 тоннаға жетеді. Банандарға сұраныс жоғары – әсіресе Ресей нарығынан қызығушылық бар. Тіпті шет елдерден туристер келіп, банан қалай өсетініне қызығып жатыр, – дейді Ислам Әлиев.

Бүгінде жылыжай кешенінде 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бес гектарда 7 мыңнан астам түп ағаш бар. Бір ағаштағы жемістің салмағы 40 келіден асады. Кәсіпкердің айтуынша, өнімді әр 4-5 айдан соң жинап отырады. Алғашқы өнім көлемі 500 тоннаға жуықтаған. Ал кейінгі өнім одан да көп нәтиже берді деп отыр.

Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Барлық құрал-жабдықтар Түркия елінен жеткізілген. Қазіргі таңда банан өнімдері ішкі нарықта сатылымда. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни, мұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар.

Банан өсетін жылыжай қазір қаладағы туристік орындардың біріне айналды. Кәсіпи иелерінің айтуынша мұндай банан алқабы Орталық Азияда жалғыз.

Шымкенттің тропикасы: Қазақстанда банан өсіріп баюға болады

жеке мұрағат

Бүгінде мұнда экзотикалық өнім өсіріліп, нарыққа шығарылуда. Қазір бұл орын қаладағы сұранысқа ие жылыжайдың бірі. Себебі бананның қалай өсірілетін көруге қызығатындар көп. Банан алқабын көруге елдің түкпір-түкпірінен, тіпті шет мемлекеттерден де адамдар келе бастаған. Күн сайын тропикалық кешенді тамашалауға 200-300-ге жуық адам келеді. Ал демалыс күні келушілердің саны 500-ге дейін жететін көрінеді.

Отандық өнімнің бағасы да қолжетімді. Бананның бір келісі 650 теңгеден басталады. Бұл еліміздегі ең төмен баға дейді келушілер. Кәсіп иелері шетелдік технологияны пайдалана отырып, өнім көлемін арттырамыз деп отыр.