Сарапшы: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс одан ары нығаяды

Қосшы

Қытай – Қазақстанға ең көп тауар жеткізетін елдердің бірі. Енді импорт қана емес, елімізден Қытайға экспортталатын тауар көлемі де ұлғаяды. Сарапшылар осындай пікірде. Себебі қос тарап жан-жақты байланысты нығайтып жатыр. Былтыр Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 5 миллиард АҚШ долларына жуықтаған. Әсіресе ет, бидай, арпа, бал және өсімдік майына сұраныс жоғары. Енді алып көршімен арадағы алыс-беріс өзге салалардағы серіктестікпен де тереңдей түспек.

Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы:

Қазақстан Қытаймен екі арадағы экспорттық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтеді деп айта аламыз. Бүгінгі таңда ол агросекторлқы өнімдер ғана емес, жалпы шикізаттық бағытта, мұнай, газ, химиялық өнеркәсіптің өнімдерін өндіру бағыттарында біздің мемлекет осы саудалық қарым-қатынас инвестициялық климатты жақсартуға өз үлесін қазір жан-жақты қосып жатыр.

Ернұр Медет