Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды

Қосшы

Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.

Бірлескен оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – теңіз экономикалық қызметі нысандары мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ екі ел арасындағы әскери әріптестікті дамыту болып табылады. Қанат Ниязбековтің айтуынша, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзуден спорттық жарыстар ұйымдастырылып, әскери қызметшілер арасында достық қарым-қатынас орнатылды.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ 2 курс