«Ағасының орнын жоқтатпады»: Қарындасының тойына қайтыс болған досының орнына келген бір топ жігіт елді жылатты (ВИДЕО)

Қосшы

Желіде қайтыс болған досының орнына оның қарындасының тойына тосын сый жасап келген бір топ жігіт елдің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшілік ағасының орнын жоқтатпау үшін құттықтап келген азаматтарға тәнті болды.

Елдің қызу талқысына түскен видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды.

«Ағаның орнын жоқтатпаған достар.

Шиеліде өткен тойда жүрек тебірентер сәт орын алды. Өмірден ерте кеткен Абай есімді азаматтың достары оның қарындасының қуанышына ортақтасып, тойға арнайы келіп, құттықтап, аға орнын жоқтатпады.

Сол сәтте бүкіл зал үнсіз қалып, туғанынан айырылған ару көз жасын тыя алмады», — деп жазылған видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Azattyq Ruhy_Trend (@ar._.trend)