Жамбыл облысында биыл 9 жоба салынады

Қосшы

Жамбыл облысында елдегі ең ірі металлургия зауыты салынып жатыр. Қытайлық компанияның қатысуымен жүзеге асып жатқан жобаның құны $1 млрд доллардан асады.

Кәсіпорынды толықтай инвестор қаржыландырып жатыр. Мұнда арматура, созба сымдар, болат сынды тауарлар шығарады. Сонымен қатар құны 800 млн доллар тұратын жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрлысы да қарқынды. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 млн тонна жүгері. Алда 3 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Бұл жобалар Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында жүзеге асып жатыр. Мұнда барлығы 18 қатысушы тіркелген.

Айта кетейік, былтыр өңірге 506 млрд теңге инвестиция салынған. Биыл 9 жоба салып, көрсеткішті 850 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.