Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Рашид Құлтайұлы Дубаев Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Семей облысы Шар ауданы прокуратурасында тағылымгер-тергеуші болып бастаған.
1993-1997 жылдар аралығында Алматы облысы Әуезов ауданы прокурорының кеңесшісі, прокурор орынбасары қызметтерін атқарған.
1997 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасы құрылымында құқық қорғау және салық органдарында тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Бас прокурордың аға көмекшісі – Павлодар облысы бойынша Бас прокуратураның өкілі және басқа да лауазымды қызметтер атқарды.
2000–2002 жылдары — Павлодар облысы Әділет басқармасының бастығы.
2002–2005 жылдары — Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы.
2005–2009 жылдары — Павлодар облысы Әділет департаментінің бастығы.
2009–2010 жылдары — ҚР Әділет министрлігі «Ақпараттық-өндірістік орталығы» РМК директорының орынбасары, Астана қаласы.
2012–2014 жылдары — ҚР Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы бастығы, Астана қаласы.
2014–2016 жылдары — Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2022–2023 жылдары — ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысы.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы қызметін атқарды.