Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша « Росатом » концорциум көшбасшысы атанды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.
Агенттіктің мұндай шешім қабылдауына, құрылыстың құны, жобаны іске асыру мерзімі, қаржы тарту модельдері, жабдықтар мен құрылыс жұмыстарын жергіліктендіру тәсілдері, кадр даярлау мен ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар және ядролық отын цикліндегі ықпалдастық мүмкіндіктері себеп болған.
Еске салайық, қытайлық, француздық және кореялық компаниялар да жобаны жүзеге асыруға ниет білдірген. Агенттіктің мәліметінше, ең оңтайлы әрі тиімді ұсыныстар «РосАтомнан» түскен. Айта кетейк, АЭС Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында салынады.
Нұрсұлтан Тілектес