Ресей мен Украина тағы да соғыс тұтқындарын алмастырды. Мұны екі жақтың әскерилері мәлімдеп отыр. Осы жолы қанша жауынгердің үйіне оралғаны белгісіз .
Айта кетсек, мамырдың басында екі жақтың өкілдері Ыстанбұлда келіссөз жүргізіп, мыңдаған жауынгердің мәйіттерін бір-біріне қайтаруға уағдаласқан еді. Содан бері қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың денелерімен бірге қатты жараланған немесе науқастанған бірталай сарбаз үйіне жіберілген. Олардың көбі 25-ке толмаған жастар. Тағы бір айта кететін жайт, тұтқын алмасу – өткен айда Түркияда қайта жанданған келіссөздердің жалғыз ғана нақты жетістігі.
Арыстан Рысбек