Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС-ның жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен жүздесіп, әуежайдың даму перспективалары, инфрақұрылымды жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
2 шілдеден бастап Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі іске қосылады. Кездесу барысында болашақта басқа да халықаралық бағыттарды ашу жоспары талқыланды. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті