Парктер, мұражайлар, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауықтар: осы жазда Дубайда қайда баруға және немен айналысуға болады

Қосшы

Әр жазда қазақстандықтар қалтаға салмақ болмайтындай демалатын жер іздеп, бүкіл отбасы мүшелерімен бірге қандай теңізге барған дұрыс деген сауалға бас қатырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Туристердің көбі Дубайды таңдайды. Егер бұған дейін Дубай қымбат демалыс орындарымен танымал болса, қазір бағасы ойға қонымды, отбасы мүшелеріне ұмытылмас әсер сыйлайтын ыңғайлы және жайлы демалыс ұсына алады. Қазір Дубайға жету де қиын емес – Алматыдан, Астанадан және Шымкенттен FlyDubai немесе Air Astana әуе компанияларының жайлы лайнерлері арқылы тікелей рейстер бар. Жету уақыты 4-5 сағатқа созылады.

Ұшу уақыты көп емес, сол себепті бірден демалыс атмосферасын сезініп, еркін демалуға болады. Биыл 10 мамырдан 30 қыркүйек аралығында Дубайда Kids Go Free науқаны жүріп жатыр. Бұл танымал парктер мен мұражайларға барғанда ақша үнемдеуге таптырмас мүмкіндік – 16 жасқа дейінгі балалар 12 заманауи көрнекі жерлерге тегін кіре алады.

Олардың арасында IMG Worlds of Adventure тақырыптық паркі, тереңге сүңгуге арналған Deep Dive Dubai, AYA Universe цифрлық кеңістігі, интерактивті Кәмпиттер мұражайы, Illusion City қалашығы, сонымен бірге Legendarium интерактивті мұражайы, Chaos of Karts картингі, крокодилдер паркі мен өзге де қызықты жерлер бар.

AYA Universe
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Ұсынысты пайдалану үшін кассада ұшу талонын көрсету жеткілікті. Осындай қарапайым ғана шарт отбасы шығынын азайтып қана қоймай, ұмытылмас сәттер сыйлайды.

Дубай жас туристердің ғана емес, сондай-ақ қызықты көңіл көтеру орындарын ұсына отырып, ата-аналардың да қамын ойлайды. Солардың бірі — House of Hype интерактивті кеңістігі. Оның ішінде 18 иммерсивті аймақ, ондаған ойын бөлмесі, контент түсіруге арналған алаңдар, бутиктер, кафелер мен демалыс аймақтары бар.

Болашақ мұражайы қазіргі Дубайдың визит картасына айналған. Мұнда ертеңгі күн технологияларымен танысып қана қоймай, оларды өз көзіңмен көруге болады. Ал ерекше әсер алғыңыз келсе Ain Dubai шолу дөңгелегіне мінуге болады. Ол әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі саналады және жуырда қайта ашылды. 40 минут бойы Парсы шығанағын, Dubai Marina зәулім ғимараты мен әйгілі Burj Al Arab қонақүйінің керемет көріністерін биіктен тамашалауға болады.

Burj Al Arab
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Дубайдың көрікті жерлерін Dubai On and Off автобусына мініп, аралауға болады. Ол әлемдегі ең ірі Dubai Mall сауда орталығынан сағат сайын жүреді Museum of the Future, Dubai Frame, алтын базары мен өзге де локацияларға тоқтайды. Күндізгі билет құны 35 дирхам, бұл сомаға жол жүру құнынан бөлек Dubai Creek каналымен жүзетін дәстүрлі араб қайығы абрамен серуендеу құны кіреді.

Егер сіз суда көңіл көтеруді ұнататын болсаңыз, Atlantis Aquaventure World аквапаркіне қош келдіңіз. Бұл орталықты тек аквапарк деуге келмейді, себеді ол су сырғанақтарының ондаған түрі, аттракциондар, тіпті дайвинг орталығы бар тұтас шипажай саналады. Онда өңірдегі ең ірі Ambassador Lagoon аквариумы орналасқан. Бұл аквариумда снорклингпен айналысуға немесе су астында жүзуге болады.

Ал көңіл көтерудің басқа түрін таңдағысы келетіндер Wild Wadi аквапаркіне барса болады. Ол Burj Al Arab қонақүйінің маңында орналасқан және отыздан астам су сырғанағынан және аттракциондардан тұрады. Балалы отбасылар үшін LEGOLAND Water Park таптырмас демалыс орны. Ол танымал конструктор стилінде жасалған. Ал батыл туристер Aquafun паркіне бара алады. Бұл теңіз ортасында жасалған үрмелі су паркі, онда кедергілер жолағы мен белсенді ойындарға арналған аймақтары бар.

Wild Wadi
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Дегенмен Дубайда тек зәулім ғимараттар мен сауда үйлері ғана бар деу қате тұжырым. Қаладан бір сағат қашықтықта басқа да көңіл көтеру орыындары жетерлік. Мәселен, сафари, Platinum Heritage-тегі түйелермен серуендеу немесе Ocean Air ұсынатын роантикалық тур. Дәл сол жерде шөл даладағы күннің батып бара жатқан көрінісін тамашалап, Sonara Camp-те гастро кешкі ас ішуге болады.

Қаладан тысқары жерде, табиғатта демалғыңыз келсе, Хатту ауданына аттаныңыз. Бұл Дубайдан бір сағаттық жерде орналасқан таулы аудан. Бұл жерде тұнық су қоймасында байдаркаға мініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен серуендеп, жартастар арасында таза ауамен тыныстауға болады.

Демалысқа шыққанда шоппинг жайлы ұмытуға болмас. 27 маусымнан бастап Дубайда Dubai Summer Surprises деп аталатын жеңілдіктер фестивалі басталады. Mall of the Emirates, Dubai Mall, Festival City және басқа да сауда орталықтары мен дүкендерде қала бойынша киім-кешек, электроника, балаларға арналға тауарлар, әшекейлер мен басқа да тауарларға жеңілдіктер жүреді.

Отбасылық сауда жорығы
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Асханаға келер болсақ, Дубайда аш қаламын деп қорықпаса болады. Қалада кез келген талғамға арналған асханалар бар – көше тағамдарынан бастап беделді гастрономиялық марапаттары, оның ішінде MICHELIN жұлдызын алған мейрамханаларға дейін жетіп артылады. Бір жерде бірнеше елдің асханасынан дәм татқысы келетіндер әдетте Timeout Market-ке барады.

City Walk ауданындағы кең террасалар тыныш жерде түскі ас ішіп, таза ауада кешкі аспен ауқаттануға таптырмас жер. Балалармен демалатындар ойын алаңдары бар отбасылық кафелерді таңдаса болады. Солардың бірі Dubai Mall-дағы Ribambelle. Ал JBR ауданында жағажай мейрамханалары бар, онда теңізге қарап тамақтанып, күннің батысын тамашалауға болады. Жазда көптеген демалыс орындары күндізгі бранчтар ұсынып, Dubai Summer Surprises фестивалі аясында арнайы жеңілдіктер жасайды.

Мейрамхана
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Дубай – шоппинг, жағажайдағы демалыс және сан алуан көңіл көтеру орындарын қамтитын ерекше орын. Мұнда Burj Khalifa, базарлары мен зәулім ғимараттар көрінісі бар жағажайлар маңында керемет әсерлі суреттерге түсуге болады. Демалыстағы мұндай суреттер мен видеолар қысқы кештерде сізге жылулық сыйлап, алған әсеріңізді еске түсіруге мүмкіндік береді.