Жеңілдетілген лизингті қаржыландыру көлемі ұлғаяды

Қосшы

Елде 2028 жылға қарай ауылшаруашылық техника паркін 9%-ке дейін жаңарту жоспарлап отыр. Бұл бағытта жеңілдетілген лизинг бағдарламасын қаржыландыру көлемі 450 млрд теңгеге дейін артады.

2017 жылы небәрі 8,5 мың бірлік техника сатып алынған болса, былтыр олардың қатары 2,5 есеге артты. Ал биыл бағдарламаға кемінде 250 млрд теңге бөлініп, шамамен 6 мың техника сатып алынады. Қазірдің өзінде 2400 келісімшарт жасалып, жалпы құны 85,7 млрд теңгеге тауар жеткізу көзделіп отыр.