Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Ақтөбеде тазалық акциясы өтті. Тәжірибелі мамандар «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарына шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Жастар ағаштар мен бұталарды дұрыс баптауды, зиянкестерден қорғану әдістерін үйренді. Елек өзенінің жағалауына көшет отырғызып, оған әрі қарай күтіп ұстауды мойындарына алды. Жалпы өңірде жыл басталғалы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 150 мың адам қатысты. 20-дан аса ауқымды шара өтті. Бүгін осындай іс-шараларға белсенді қатысқан тұрғындар салтанатты жиынға шақырылып, құрмет көрсетілді. Марапат алғандардың қатарында қоршаған ортаның тазалығына бей-жәй қарамаған жеке компаниялардың өкілдері де бар.
Дархан Шәңгірбаев, Мұнай компаниясының қызметкері:
Қаланың шет жағындағы Елек, Қарғалы өзендерінің жағалауларын және Сазды ауданы бар, сол аумақты тазартамыз. Кен орнымыз бар, ол жақтың да барлық экологиялық талаптарын сақтап отырмыз.
Жақсыбек Кемал