Ақтауда жыл басынан бері 400-ге жуық итбалық қырылды

Қосшы

Каспий теңізінің ластануы – оның тіршілік әлеміне кері әсерін тигізіп жатыр. Итбалықтар, су құстары, бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы — соның салдарынан болуы мүмкін. Биылдың өзінде Каспийдің эндемигі саналатын — итбалықтар екі рет жаппай қырылып қалды. Мамандар қандай іс-шаралар жасап жатыр?

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Итбалықтардың қырылғанына 20 жылдан асты. Ең көп өлген кезі 2000 жыл. Ол кезде бүкіл Каспийдің жағалауынан 30 мыңнан аса итбалық өлексесі табылған. Былтыр да 2 мыңнан астам теңіз сүтқоректісі өлді. Ал жыл басынан бері тағы 400-ге жуық итбалық қырылды. Өкінішке қарай, олардың нақты неден өлгені анықталмай келеді. Менің жанымда Каспий эндемигін зерттеп жүрген тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақ тұр.

Әділбек Қозыбақ, «EcoJer» қауымдастығы аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы:

Мемлекет басшысы Каспийдің мәселесін бұдан бірнеше жыл бұрын қолға алуды тапсырды. Ғылыми зерттеу институтын құруды жүктеді. Ал былтыр итбалықтарды сақтау үшін резерват құруды тапсырған еді. Құзырлы министрлік «Каспий итбалығы» деп аталатын мемлекеттік табиғи резерваттың құрылғанын, онда 90-ға жуық маман жұмыс істейтінін жеткізді.

Аягөз Оралбайқызы