ШҚО: төрт қалада су тазарту құрылғылары жаңартылады

Қосшы

Алдағы екі жылда Шығыс Қазақстан облысындағы 4 қалада су тазарту құрылғылары жаңғыртылады.

Өскемен, Риддер, Алтай мен Серебрянск қалаларында коммуналдық нысандар 70 пайызға тозған. Облыс орталығында 1958 жылы қоланысқа берілген кешен күрделі жөндеу көрмеген. Енді шетелдік инвесторлардың қаржысына жаңартылатын болды. Жергілікті билік қазір инвестормен келісім шартты пысықтап жатыр. Жауаптылар қалған қалаларда жүргізілетін жөндеу жұмыстарының жобалық құжатын әзірлеп жатыр. Мысалы, Риддердегі тазарту станциясын жаңғырту 10 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Рауан Тұрысбек, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Өскемен қаласындағы тазарту құрылыстарын, атап айтқанда сол жағалауда орналасқан станцияны жаңғырту бойынша жоба әзірленді. Оның жүзеге асыру үшін Қытай Халық Республикасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.