Түркістан: Пара ұсынған шетелдік жауапқа тартылды

Қосшы

Түркістан облысында полиция қызметкеріне пара ұсынған шетелдік қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотында Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу органымен Ф. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 367-бабының 1-бөлігімен айыпталып сотқа процессуалдық келісіммен берілген. Сотпен анықталғаны: 2024 жылдың 25 қараша күні полиция инспекторлары А. мен К. қызметтік міндеттерін атқару кезінде, «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» жүйесі анықтаған Армения Республикасының нөміріне тіркелген «Volvo S60» жүк автокөлігінің 583 366 тенге төленбеген айыппұлы анықталып, дереу тоқтатылған. Өз кезегінде, «Volvo» жүргізушісі Молдова Республикасының азаматы Ф. жауаптылықтан құтылу мақсатында, полиция қызметкері К.-ға 10 000 теңге және құны 3 833 теңге тұратын «Bosch» маркалы блэндэрді пара ретінде ұсынып, қылмысқа барған. Тараптардың позициясы: Прокурор, сотталушының кінәні мойындау туралы процестік келісімге келуіне байланысты, оны тағылған айыппен кінәлі деп танып, параның 15 еселенген сомасына айыппұл салуды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, прокурормен арада жасалынған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімді бекітуді сұрады. 23 мамыр 2025 жылы сот үкімімен: Сотталушы тағылған айыппен кінәлі деп танылып, ұсынған параның 15 еселенген сомасы, яғни 155 621 тенге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.