Талдықорғанда «Менің туым» патриоттар шеруі өтті

Қосшы

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорғанда «Менің туым» патриоттар шеруі өтті. Игі шараға әскерилер, еріктілер, спорт және мәдениет қызметкерлері мен ардагерлер қатысты. Мыңнан аса адам ту тұғырдың түбінде әнұранымызды шырқап, көк байрағымызды көкке көтерді. Олар Ұлттық рухты асқақтататын әндер айтып, 12 метрлік туды мақтанышпен ұстап, Жастар саябағынан орталық алаңға дейін барды. Артынша шеру «Көк тудың желбірегені» патриоттық акциясына ұласты.

Аяулым Ақмолдаева, оқушы:

Бұл ҚР азаматы мен азаматшасы болғаннан кейін бұл мереке бізге аса маңызды болып келеді. Яғни осы мерекеде патриоттық өлеңдер әндер шырқалды, хорлар. Біз соларға қарап, өзіміздің патриоттық сезімізді күшейте алдық.

Дамир Нұрмұхамет