АҚШ президенті Қытай сауда келісімін бұзды деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбада Бейжіңнің бұл әрекетін сынға алды. Оның айтуынша, екі апта бұрын Қытай экономикасына қауіп төнді . Америка басшысы: «Ахуалды реттеу үшін Бейжіңмен Женевада ортақ мәмілеге келдік», – дейді. Десе де Дональд Трамп Қытай келісімнің қандай шартын бұзғанын айтпады. Құрама Штаттарының қаржы министрі Скотт Бессент Бейжіңмен сауда бойынша келіссөз тығырыққа тірелгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, мәселе тек Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің тікелей араласуымен ғана шешілуі мүмкін.
Айта кетейік, екі апта бұрын АҚШ Қытай тауарларына баж салығын 145-тен 30%-ке дейін, ал Бейжің 125-тен 10%-ке төмендеткен еді.