«Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін елордаға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ТА келді.
Бауырлас ел басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды. Жалпы Қырғызстанмен арадағы алыс-беріс өркендеп келеді. Мәселен, былтыр тауар айналымы 1,7 млрд доллардан асты. Ал биылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіш 25%-ға артып, 435 млн долларды құрады. Отандық өнімдердің экспорты 32%-ға өскен. Енді тараптар өзара тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізбек ниетте.