Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайыздан 16,5 пайызға дейін көтерді, деп хабарлайды орталық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім қабылданғанда нақты деректерді, жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдердің балансын бағалау барысы ескерілді", — делінген хабарламада.
Айта кетейік, қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемены жылдық 15,25 пайыз деңгейінде қалдытрған еді.