Бүгін Шерзат Болат ісі бойынша жәбірленуші тараптың адвокаттары жасөспірімнің ата-анасының атынан сотталушыларға қатысты азаматтық талап қойып, материалдық және моральдық шығынның көлемін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Cот отырысында жәбірленуші тарап өкілдері сотқа іс бойынша жәбірленуші болып танылған Қаржаубай Нұрымов, Жұмабике Кадирова және Гүлбарам Бишембиеваға келтірілген моральдық шығынды өтеу туралы өтінішхат білдірді.
"Бұл отбасына (сотталушылар – ред. ескерт.) қандай моральдық зиян келтіргені анық деп ойлаймыз", — деді жәбірленушілердің адвокаты.
Жәбірленушілердің өкілдері сотталушылардан келесідей қаражатты өтеуді сұрады:
1. Абзал Шынасылдан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына – 2 794 000 теңге материалдық шығынды өндіруді;
2. Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен бірігіп Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына – 100 млн теңге моральдық шығын өндіруді;
3. Шерзат Болаттың анасы Гүлбара Бишембиеваның пайдасына Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен – 100 млн теңге моральдық шығын өндіруді;
4. Шерзат Болаттың әжесі Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен Жұмабике Қадированың пайдасына да 100 млн теңге моральдық шығын өндіруді;
5. Ағайынды Тоқтаубаевтардан, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Шыңғыс Белғожаев, Дидар Қалиахметтен – әрқайсысынан 20 млн теңгеден Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық шығын, барлығы 120 млн теңге өндіруді;
6. Аталғандардан Гүлбара Бишембиеваның пайдасына – әрқайсысынан 20 млн теңгеден моральдық шығын, барлығы 120 млн теңге өндіруді.
7. Аталғандардан Жұмабике Қадированың пайдасына – әрқайсысынан 20 млн теңгеден моральдық шығын, барлығы 120 млн теңге өндіруді сұрады.
Сот жәбірленушілерді азаматтық талап қоюшылар деп таныды.
Шерзат Болаттың қазасы
- Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы: онлайн-трансляция
- Шерзат ісі: судья Ержан Жанұзақов істі жалғастыратын болды