Рамазан айында Әмірлікте ағза доноры болуға өтініш білдіргендер көбейді

Қосшы

Рамазан айында Араб Әмірліктерінде 33 мыңға жуық адам ағза доноры болуға өтініш білдірді. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Бұған тұрғындар арасында донорлыққа қатысты кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы қол жеткізген. Мекеме мамандары діни қайраткерлермен кеңесе келе, азаматтарға бұл істің қасиетті айдағы қайырымдылықтың бір түрі екенін түсіндірген. Нәтижесінде мыңдаған адам трансплантацияға дайын екенін білдіріп, операцияға келісім берген. Ай басталғалы орган ауыстыруға арналған 1200 операция сәтті жасалған.

Жалпы Әмірліктерде ағза доноры болуға заң жүзінде еш тыйым салынбайды. Тек алдын ала келісім болу міндетті. Дерекке қарағанда былтырдан бері елде арнайы бағдарлама бойынша марқұм болған азаматтардың ағза доноры болу жағдайы 30%-ке өскен.