Биыл қар құрсауында қалып қойған 300-ге жуық адам құтқарылды. Қысқы маусымдық жұмыстарды қорытындылаған ҚазАвтоЖол мекемесінің мәліметі осындай.
Республикалық маңызы бар жолдарда шамамен 30 млн текше метр қар аршылған. Күн сайын тиісті шараларға 1300 маман мен 800 техника жұмылдырылып отырды. Желтоқсан-наурыз аралығында көлік қозғалысына 722 рет шектеу қойылды. Қабылданған шаралар автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.