Шолу ақпарат – сала министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Мәнерлеп сырғанау: Бостондағы (АҚШ) әлем чемпионатында Михаил Шайдоров жалпы есепте жеке рекордын жаңартып (287,47 ұпай), жарысты күміс жүлдемен аяқтады, сөйтіп, 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу нормативін орындады. Сондай-ақ әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина да Олимпиадаға жолдама алды.
Күрес: Амманда (Иордания) ересектер арасындағы XXI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы (грек-рим, әйелдер және еркін күрес) 2 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Пара дзюдо: Тбилисиде (Грузия) көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасындағы Әлем кубогінде қоржынға 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль түсті.
Көркем гимнастика: Отандық спортшылар дәстүрлі «Афродита кубогі» турнирінде 9 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль еншіледі.
Спорттық гимнастика: Зейнолла Ыдырысов Германияның Штутгарт қаласында халықаралық додада топ жарды.
Жүзу: Bulgarian Open (Болгария) жарысында 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Глеб Коваленя жеңімпаз атанды, ал, 100 метрге шалқалап жүзу сайысында Ксения Игнатова күміс жүлдеге қол жеткізді.