Софья Самоделкина Олимпиада жолдамасын иеленді

Қосшы

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын Софья Самоделкина (117,78 ұпай) 14 орынмен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол жеңіс тұғырына маңайлай алмаса да, осы нәтижесінің арқасында Олимпия ойындарына қатысушылардың тізіміне қосылды. 18 жастағы спортшы үшін осының өзі аз табыс емес. Ал үздік шыққан сырғанаушылар жайында айтар болсақ, АҚШ аруы Алиса Лю (222,97) алдына жан салмады. Ол осыдан үш жыл бұрын Монпельедегі әлем чемпионатында қола медальді иеленгеннен кейін үлкен спортпен қош айтысқан еді. Содан мұз айдынына қайта оралып, күні кеше ғана төрткүл дүниенің теңдессізі деп танылды. Күміс пен қола медальді Жапонияның қос жұлдызы – Бейжің Олимпидасының қола және командалық сайыстағы күміс жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, жапониялық Каори Сакамото (217,98) мен «Төрт құрлық турнирінде» топ жарған Монэ Тиба (215,24) еншіледі.

Ал қысқа бағдарламада үшінші орынды иеленген Михаил Шайдоров ертең сайысқа түседі. Естеріңізге сала кетейік, жаттығудың алғашқы түрінде 94,77 ұпай жиып, жерлесіміз тек америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) мен жапониялық Юма Кагиямадан (107,09) қалып қойды.