Елімізде қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға айыппұл салынады. Ал былапыт сөзді үйде немесе көлікте еркін айтуға бола ма? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Балағат сөз айту
Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке қамауға алынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Үйде немесе көлікте айтылған былапыт сөз үшін жаза бар ма?
Адвокат Альбина Бахтиярқызының айтуынша, мұның бәрі жағдайға байланысты.
"Жауапкершілікке тарту үшін қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, айналасындағыларға құрметсіздік көрсету, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу секілді ұсақ бұзақылық болуы шарт", — деп жауап берді ол.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың өмірінде жиі кездесетін айыппұлдардың көлемі қанша екені хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!