Еурокомиссия жасанды интеллектіні дамытуға 1,3 миллиард еуро бөледі . Бұл ақшаның бір бөлігі бизнес пен мемлекеттік секторда технологияны дамытуға жаратылады. Сондай-ақ ауруханалар секілді маңызды инфрақұрылым нысандарында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге де қомақты қаржы бөлінеді.
Енді жобаларды іріктеу үшін келесі айда цифрлық бастамалар байқауы жарияланады. Кейінгі жылдары Еуроодақ елдерінде жасанды интеллектіні пайдалану аясы кеңейіп келеді. Қазір технологияны жергілікті кәсіпорындардың 13%-і қолданады. Бұл бағытта Дания, Швеция мен Бельгия жақсы нәтиже көрсетіп отыр.