Қызылорда облысында газ баллон тиелген жүк көлігі жарылып кете жаздаған

Қосшы

Қызылорда облысында өртсөндірушілер өрт кезінде жарылыстың алдын алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

112 пультіне Арал ауданы Қызылорда — Шымкент тасжолында жүк көлігінің тіркемесі өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру есептоптары өртті аз уақытта оқшаулаған.

"Тіркеме ішіндегі 50 литрлік бес газ баллон ерекше қауіп төндірді. Жоғары температурада олар кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді. Өртсөндірушілер баллондарды өрт болған жерден тез шығарып, сумен салқындатты", — деп жазылған хабарламада.

Өрт толығымен ауыздықталған.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget