0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Елімізде ұялы байланыс пен интернет тарифтері тағы қымбаттайды. Бұл туралы байланыс операторлары хабарлады. 21-сәуірден бастап қызмет құны шамамен 200 теңгеден 3000 теңгеге дейін өседі. Кей компаниялар мұны желілерді жаңғыртуға, күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалатын шығындардың өсуімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, инфляция сияқты сыртқы факторлар да себеп, дейді. Мәселен, Kcell мен Activ тарифтерінің бағасы 300-700 теңге аралығында көтеріледі. Өзгеріс кейбір мұрағатталған тарифтік жоспарларға да әсер етеді. Ал Beeline өзге байланыс операторларын күтпей-ақ бағаны ақпанда өсірген, 200-2400 теңге аралығында. Ал Altel мен Tele2 тарифтерінің құнын кем дегенде 1000 теңгеге, ең көбі 3000 теңгеге қымбаттады.
Асылбек Данияр