Қазақстан 461 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендірілуі мүмкін

Қосшы

Елде 461 мемлекеттік кәсіпорын бәсекелестік ортаға берілуі мүмкін. Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық Кеңсе бұл шешімді арнайы жүргізілген экономикалық талдаудың нәтижесінде қабылдаған. Тізімде өндіріс орындары, агроөнеркәсіп кешендері, көлік және байланыс субъектілері, бұқаралық ақпарат құралдары мен қаржы ұйымдары да бар.

Сонымен қатар 7 футбол клубын жекешелендіру ұсынылып отыр. Аталған ұйымдардың пулы енді реформалар жөніндегі Жоғары Кеңеске жіберіледі. Содан кейін ғана жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізіледі. Бұл жұмыстар 2028 жылдың соңына дейін аяқталуы керек.

Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы:

- Бүгін сарапшылармен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының ІРО-ға шығуын талқыладық. Оның ішінде ұйымдарды дамыту тәсілдері, бұл активтерді басқару методикалары жеке-жеке талқыланды. Біздің барлық ұсыныстарымыз қолдау тауып, мамандар тарапынан мақұлданды.