Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінді.
Түнгі сағат 3:42-де Жамбыл облысы Меркі ауданында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жер асты дүмпуінің күші Меркі ауылында 5 балл, Құлан ауылында 4 балл. Алматы, Шу, Қордай, Тараз және өзге де жақын елді мекендерде 2 балл болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің видеосы жарияланды. Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі ең қатты сезілген Жамбыл облысындағы Меркі ауылында жер сілкінісі болған сәт кадрларға түсіп қалған. Зәрелері ұшқан халық өз көрген-сезгендерімен бөлісті.
51 35 75 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылды. Аймақ коды 8(7262). Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше сілкініс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде анықталған. Сондай-ақ Қырғызстан аумағында да жер қозғалысының 4,4 балдық көрсеткіші тіркелді.