Жануарлар желісі

Қосшы

Естімеген елде көп. Ресейде мысық­тар мен иттерге арналған алғашқы әлеуметтік желі пайда болды.

«Буп» деп аталатын бұл сайтта үй жануарының жеке парақшасын ашып, оның атынан пост жазуға болады. Жоба жай ғана көңіл көтеру үшін жасалғандай көрінгенімен, оның пайдалы тұстары да жетерлік. Мысалы, жасанды интеллект жануарларға қалай күтім жасау керектігін айтып, кеңес береді. Сонымен қатар ит пен мысық іздегендер немесе жануарларын арнайы орталыққа өткізгісі келгендер хэштег арқылы керегін табады.