Солтүстік Корея әскери дрондар өндірісін кеңейтеді

Қосшы

Солтүстік Корея мемлекеті әскери дрондар өндірісін кеңейтеді .

Бұл туралы елдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Әскерилер ел басшысы Ким Чен Ынға ұшқышсыз ұшу аппаратының бірнеше түрін таныстырды. Ішінде шабуылдаушы, барлаушы, бақылаушы дрондар бар. Барлығына жасанды интеллект орнатылған. Камикадзе-дронның танк макетіне шабуылдап, оны қалай жойғанын көрсетті. Сондай-ақ елдің әуе күштері жаңа радар-ұшақпен толыққан көрінеді. Солтүстіккореялық ақпарат көздері Ким Чен Ынның 4 қозғалтқышы бар үлкен ұшақтың бортына кіріп бара жатқан фотосын жариялады. Осыған орай Оңтүстік Корея билігі алаңдаушылық білдірді.

«Ұшақтың әскери қаупін бағамдай алмаймыз. Бірақ сыртқы пішініне қарағанда ауыр әрі тез қағып түсіретін ұшаққа ұқсайды», — деп мәлімдеді.