Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресейде бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды құзырлы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Ресейдің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында ұсталған.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр", — делінген хабарламада.
Күдікті кінәсі дәлелденсе, 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.