Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мұсылмандар үшін қасиетті Қадір түнін қарсы алу үшін тұрғындар ауызашардан кейін қаладағы мешіттерге ағыла бастады. Қазір біздің тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес бас мешітте жүр және тікелей байланысқа шығуға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Иә, бас мешітке адамдар жиналып жатыр. Қадір түнін қарсы алуға келіп жатқандардың саны көп. Имамдардың айтуынша, бұл күні көпшілік көңілдеріне медет, жүректеріне иман сұрап қол жаяды, дұға етеді. Биыл Ханафи масхабінің ғалымдары Рамазан айының кез келген тақ түні Қадір болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Бірақ наурыздың 26-нан 27-не қараған түнді бекітті. Міне, адамдардың бәрі қасиетті түнді қарсы алып, сауап аламыз деген мақсатпен жиналып жатыр. Ресми ақпарақа сүйенсек ел көлемінде 2077-ден астам діни ғимарат осы күні жұртшылықты қабылдайды. Айта кету керек, бұл мешіттің ішіне 35 мың адам сияды. Нақтырақ айтсақ, 30 мың орын ерлерге, 5 мың орын әйелдерге арналған. Ауласына да 170 мың адам емін-еркін сыйып кетеді.
Нұрсұлтан Тілектес