0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина шығарылып, клиникалық зерттеуге жіберілді. Оны көрші елдің жетекші ғылыми институттары 20 жылдан астам уақыт жасаған. Вакцина иммундық жүйенің рак клеткаларын тануына жол ашады. Иммунологтардың айтуынша, препарат клиникаға дейінгі сынақтар кезеңінде тиімділігін дәлелдеген. Сондықтан осы айда пилоттық партиясы шығарылады, ал жыл соңына дейін вакцина ауруханаларға жеткізіледі. Алдымен меланома және өкпе ісігінен емделіп жүрген науқастарға қолжетімді болады. Бір вакцинаның орта есеппен құны 300 мың рубль, яғни 1 миллион 800 мың теңге шамасында.
Тереза Бодрова, дәрігер:
Бұл таза отандық өнім. Барлық компонент өзімізде шығарылған. Одан бөлек науқастардың емін әрі қарай сапалы ету үшін ақылды палата ойлап таптық. Бұл да айығуға көмектеседі.
Қауіпті вирус тіркелді
Сондай-ақ Ресейде «EVALI» деп аталатын қауіпті вирус алғаш рет тіркелді. «Бұл індет электронды темекі, вейп қолданатын жасөспірімдерде кездеседі»,- дейді мамандар. Вирусты жұқтырғандар емделмейтін қатерлі ісікке шалдыққан. Сонымен қатар тыныс алу жолдары нашарлап, адамның жүйке жүйесіне де зақым келеді. Ауруды қоздыратын диацетил сұйықтығы электронды темекі, вейптерде кездеседі. Сондықтан Мемлекеттік Дума Ресейде электронды темекі мен вейптерді сатуға шектеу қоятын заң жобасын қарау керек, дейді.
Индира Бегайдар