Қазгидромет Алматы мен Астанадағы 27-29 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыдағы ауа райы болжамы
27 наурызда Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2° аяз, күндіз 10-12° жылы.
28 наурызда құбылмалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы — 3-8 м/с, күндіз екпіні — 13 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз 8-10° жылы.
29 наурызда құбылмалы бұлтты болады, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан 2-7 м/с екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз 8-10° жылы.
Астанадағы ауа райы болжамы
27 наурызда Астанада да құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын жаумайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде 6-8° аяз, күндіз 5-7° жылы.
28 наурызда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Жел шығыстан 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 3-5° аяз, күндіз 8-10° жылы.
29 наурызда да құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Жел шығыстан 5-10 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 3-5° аяз, күндіз 9-11° жылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!