СҚО-да әлемдік додада топ жарған спортшыларға пәтер, көлік, ақшалай сыйақы берілді

Қосшы

СҚО-да Наурыз мейрамын тойлау кезінде халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Марапаттау рәсімінде облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов парабиатлоннан әлем кубогында Үлкен хрусталь глобусты жеңіп алған Ербол Хамитовқа жаңа автокөліктің кілтін табыс еткен.

Ал қазақ күресінен әлем чемпионы Мейіржан Берекетовке жаңа пәтердің кілті табысталған.

Сондай-ақ парашаңғы спортынан әлем кубогының жүлдегері Александр Герлицке, конькимен жүгіруден Азия ойындарының қола жүлдегері Надежда Морозоваға және бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Наталья Богдановаға ақшалай сыйақы берілген.

"Біздің талантты спортшыларымызды жоғары жетістіктерімен құттықтаймын және оларға әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тілеймін!" — дейді өңір басшысы.